RU
Толық нұсқаға өту

Ресейде коронавирустың жаңа штамы пайда болды

28.07.2025, 23:54 434

Ресейде бұрыннан бар «Стратус» коронавирусының жаңа штамы пайда болды. 

Жұқпаның бұл түрі балалар арасында жылдам таралып жатыр. Джордж Мейсон университетінің зерттеушілері келтірген мәліметке қарағанда ауру белгілері әсіресе кәмелетке толмағандар арасында өршіп тұр. Стратус вирусының клиникалық көріністері Омикрон жұқпасына ұқсас. Жұқтырған адам алдымен өзін әлсіз сезінеді. Кейін мұрнынан су ағып, жөтеліп, температурасы көтеріледі. Қазір кесел Ресейдің 13 аймағында тіркелді. Оның белгілері 114 адамнан анықталған. Әсіресе Мәскеуде жұқтырғандар көп. Эпидемиологтардың айтуынша, вирус адамнан адамға тез жұғады. Алайда жаппай вакцинациялау әзірге жоспарланбаған.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz