Климаттың өзгеруі Орталық Азия елдері үшін қауіп төндіреді.
Дүниежүзілік банк болжамы бойынша, 2050 жылға қарай аймақта аптап көбейеді. Ал күн температурасы 50 градустан төмендемейді. Мұның экономикалық зардабы да ауыр болмақ.
Дүниежүзілік банк келтірген деректерге сүйенсек, 2050 жылы Орталық Азия мен Еуропаның кейбір мемлекеттерінде ыстық күндердің саны 70-ке дейін ұзарып, температура 50 градустан төмендемейді. Бұл адам өміріне қауіп төндіріп, өлім-жітімді көбейтуі мүмкін. Өзбекстанда кейінгі 100 жылда тіркелмеген аптап ыстық тұрғындардың мазасын алды.
Жақсылық Жорықбаев, Шыршық қаласының тұрғыны:
- Алпыс бес градус ыстық болып жатыр. Кеше интернеттен көріп жатырмын 2050 жылға қарай тіпті ысиды деседі. Бұның келешекте адам өміріне қаупі бар деп ойлаймын. Тек қана кондиционер ұстап тұр. Көшеде ешкім жоқ. Кешке де ыстық болып жатыр.
Узгидромет орталығының мамандары ауа райының жылдан жылға өзгеріп келе жатқанын бақылап отыр. Ыстық климат адамдардың тұрмыс тіршілігіне кері әсерін тигізіп, экономикаға қосымша салмақ салады.
Еркен Аблахатов, экология министрлігі "Узгидромет» орталығының ғылыми қызметкері:
- Бізде биыл мамыр айында тарихта тіркелмеген ыстық температура болды. Көктемдегі 45 градустық ыстық күндер адамдардың денсаулығына әлбетте әсер етті. Депрессияға ұшырап, көптеген ауруларды қоздырады. Бұл бізге берілген белгі. Демек, 2050 жылға дейін климаттың өзгеруін күтіп отырмай, әрекет етіп, жаңа технологияны дамыту қажет.
Дүниежүзілік банк ыстықтан қорғанудың бірден бір амалы жасыл желекті көбейтіп, инфрақұрылымды соған икемдеудің жолдарын ұсынбақ. Аптап ыстық адамның жұмыс істеу қабілетін азайтатыны белгілі. Сондықтан қазірден бастап салаға жаңа технологияны енгізудің маңыздылығы жоғары, дейді зерттеу авторлары.
Дулат Нуркин
Тегтер #климат #Орталық Азия #24KZ #ТаңдаулыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz