Қазір көрші елде 130-ға жуық ұлт пен ұлыстың өкілдері бір шаңырақ астында өмір сүріп жатыр.
Солардың ішінде қазақ халқы саны жағынан алғашқы үштікке кіреді. Қандастардың басым бөлігі Ташкент облысында және Новаи мен Қарақалпақстанда тұрады.
Ташкент облысына қарасты Шыназ ауданында жүз мыңнан астам халық болса, соның 37 мыңы қандастарымыз. Ауданда 4 қазақ мектебі мен 8 аралас мектеп жұмыс істеп тұр. Тұрғындар достық күнінде қазақ мәдени орталығының ұйымдастырған шарасында бас қосты.
Нұреддин Мәмбетов, Шыназ аудандық қазақ мәдени орталығының төрағасы:
- 42 жылдары Өзбекстан халқы 11 жарым млн болады. Көшіп келгендермен бірге. Соның 340 мыңы жетім жесір балдар еді көшірілген. Толерантность деген біздің қанымызға, сүйек сүйегімізге сіңіп кеткен.
Өзбекстанда қазақ халқы саны бойынша тәжіктерден кейін тұр. 2022 жылы жүргізілген санақ нәтижесі бойынша 800 мыңға жуық қандас бар. Олардың өз тілінде білім алуына, ұлттық салт дәстүрді сақтауына мемлекет тарапынан қолдау көрсетілген.
Ибрахим Халматов, Өзбекстандағы ұлттар қауымдастығы Ташкент облысы бөлімінің басшысы:
- Шыназ аудананда қазақ ағайындар көп тұрады. Мемлекет тарапынан әркез қолдау көрсетіліп, олардың өз тілінде білім алуына, салт дәстүрді сақтауына барлық жағдай жасалған. Ұлттық мектептер жұмыс істеп тұр. Ташкент облысында қазақ мәдени орталықтары көп. Олар ұлттың ұйысуына, мемлекеттің дамуына үлкен үлес қосып жатыр.
Ақ дастарқан басына ауданда тұратын барлық ұлт өкілдері жиналды. Қонақтарға қазақ халқының салт-дәстүрі көрсетіліп, көңілді кеш ұйымдастырылды.
Дулат Нуркин
Тегтер #Өзбекстан #қазақ #мәдениет #орталық #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz