RU
Толық нұсқаға өту

Ұлыбритания Палестинаның дербестігін мойындайды

30.07.2025, 17:30 422

Ұлыбритания Палестинаны тәуелсіз мемлекет ретінде мойындауға дайын. Премьер-министр Кир Стармер бұл шешімді қыркүйекте БҰҰ Бас Ассамблеясында ресми жариялайды. Алайда бұл үшін Израиль атысты тоқтатып, тұтқындарды босатуға келісуі керек.

Лондон сонымен қатар Газа халқына көмек көрсетуді жалғастырып, жараланған балаларды емдеуге Ұлыбританияға әкелмек. Бұған дейін Франция да Палестинаның дербестігін мойындаған еді. Израиль бұл қадамды терроризмді қолдау деп бағалады.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz