RU
Толық нұсқаға өту

Таиландта жарылыстан 9 адам қаза тапты

30.07.2025, 19:40 388

Таиландта отшашу зауытында жарылыс болып, 9 адам қаза тапты. Тағы 2 адам жарақат алған. Олар ауыр халде ауруханаға жеткізілді. Жергілікті БАҚ-ының хабарлауынша, жарылыстан ғимараттың шатыры мен қабырғалары опырылып түскен. Оқиға орнына шұғыл құтқарушылар келіп, үйінділерді аршып, ғимарат астында қалған адамдарды іздестіріп жатыр. Тергеу басталды.

Айта кетейік, Таиландта мұндай оқыс оқиға жиі тіркеледі. Былтыр қаңтарда осындай оқыс жағдайдан 23 адам мерт болған еді.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz