RU
Толық нұсқаға өту

Австралия жасөспірімдерге Youtube-ті шектеді

31.07.2025, 08:16 413

Австралия 16 жасқа толмаған жеткіншектерге YouTube платформасын пайдалануға тыйым салды, деп хабарлайды 24kz.

Шектеу желтоқсанның 10-ынан бастап күшіне енеді. Өзгеріске сәйкес, жасы 16-ға толмаған жасөспірімдер желіде жеке аккаунт аша алмайды. Бұған дейін елде Snapchat, TikTok, Facebook, Instagram және X әлеуметтік желісіне осындай тыйым салынған еді. Билік бұл бастаманы киберқауіпсіздікті күшейтіп, жасөспірімдерді қорғау мақсатында қолға алып отыр. Олар 10-15 жас аралығындағы балалар арасында зерттеу жүргізіп, жеткіншектердің 37%-і зиянды контент көргенін анықтаған. Ал компания бұл шешіммен келіспейтінін айтып, платформаны білім мен ойын-сауыққа арналған видео сервисі деп мәлімдеді.

Аника Уэллс, Австралия коммуникация министрі:

- Біз бұл ережені балаларының қауіпсіздігіне алаңдаған ата-аналардың қалауымен енгізіп отырмыз. Австралиялық әр он баланың төртеуі YouTube платформасында зиянды контентке тап болғанын айтып отыр. Бұл фактіні елемеуге болмайды. Сол себепті YouTube-ті шектеу дұрыс шешім.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz