RU
Толық нұсқаға өту

Иран АҚШ-тан өтемақы талап етті

31.07.2025, 18:00 442

Вашингтон Иранға маусым айындағы қарулы қақтығыс кезінде келген залалды өтеп беруі тиіс.

Бұл туралы Ислам Республикасының Сыртқы істер министрі (("Financial Times")) Файн-эншл таймс басылымына берген сұхбатында мәлімдеді. Аббас Аракчи, талапты Иран мен АҚШ арасындағы ядролық келіссөздерді қайта бастау үшін қойылатын шарттың бірі деді. Еске салайын, Израиль 13 маусымға қараған түні Иранға шабуыл жасады. Тегеран бұған жауап ретінде Хайфа қаласындағы мұнай өңдеу зауыты мен электр станциясын, сондай-ақ Бен Гурион әуежайын атқылады. Әскери қимылдар 12 күнге созылды. Қақтығыстан Иранда шамамен 430, ал Израильде 20-дан астам адам қаза тапты.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz