RU
Толық нұсқаға өту

Google ЖИ арқылы климат өзгерісін бақылайды

01.08.2025, 07:37 368

Google жер бетін анық түсіруге қабілетті жасанды интеллект моделін таныстырды.

Көлемі терабайт емес, петабайттан тұратын деректерді біріктіріп ғаламдық картография мен мониторинг жүйесіне өзгеріс енгізеді. Alpha Earth Foundations атты жасанды интеллект моделі - виртуалды спутник секілді жұмыс істейді. Ол құрлықтарды, жағалау маңында орналасқан аймақтардың жай-күйін сипаттап, деректерді сандық бейнеге айналдырады. Әрі қарай оны компьютер оңай өңдей береді. Бұл өз кезегінде азық-түлік қауіпсіздігі, ормандарды сақтауға, урбанизация мен су ресурстары секілді мәселелер бойынша шешім қабылдауға көмектеседі. Компания кейінгі 1 жыл ішінде 50-ден астам ұйыммен серіктесіп, жүйені тәжірибе барысында сынап көрген. 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz