Дональд Трамп жаңа баж салығын енгізу туралы жарлыққа қол қойды.
Құжат Ақ үйдің ресми сайтында жарияланды. Трамп әімшілігі жаңа тарифтерді енгізуде сауда айналымы көлемін ескере отырып серіктестерін үш санатқа бөлген. Әуелі 10 пайыздық баж салығы АҚШ-пен сауда әлеуеті тең елдерге, сосын Вашингтонмен сауда келісімі орташа деңгейдегі 40 елге 15 пайыздық баж салығы енгізіледі. Ал 15 пайыздан жоғары тарифтер АҚШ-пен сауда жасамайтын елдерге салынып отыр. Оның ішінде Сирия, Лаос, Мьянма, Швейцария, Ирак, Ливия және Африка елдері бар. Қазақстан да осы санатқа кіреді. Біздің елге 25 пайыздық баж салығы енгізілген.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #Трамп #салықPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz