RU
Толық нұсқаға өту

АҚШ пен Мексика тарифтік келісімді ұзартты

01.08.2025, 22:48 468

АҚШ пен Мексика арасындағы тарифтік келісімнің мерзімі үш айға ұзартылды.

Бұл туралы Президент Дональд Трамп әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеді. Осы аралықта тараптар жаңа сауда келісімін әзірлеуі тиіс. Мексикадан импортталатын көліктер мен фентанилге 25% баж салығы күшінде қалады. Ал болат, алюминий және мысқа 50% мөлшерінде тариф енгізіледі.

Айта кетейік, бұған дейін Трамп 1 тамыздан бастап Мексика өнімдеріне 30% баж салығын енгізуді жоспарлаған. Екіжақты келіссөзден кейін бұл шешім кейінге қалдырылды.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz