RU
Толық нұсқаға өту

Трамп тарифтен түскен табыстан халыққа үлесін бермек

02.08.2025, 12:30 501

АҚШ-та баж салығынан түскен табыстан азаматтар үлесін алуы мүмкін.

Президент Дональд Трамп халыққа "дивиденд" төлеуді қарастырып жатқанын мәлімдеді. Десе де, Ақ үй басшысы әуелі мемлекеттік қарызды өтеу керектігін алға тартты. Қазір АҚШ-тың сыртқы қарызы - 36 трлн доллардан асады. Кеше Вашингтон Еуроодақ пен тағы 60-тан аса елден келетін тауарға жаңа баж салығын енгізу туралы жарлыққа қол қойды. Оның ең азы - 15, ал ең жоғарғысы 41 пайызға жетеді. Оның ішінде Сирия, Лаос, Мьянма, Швейцария, Ирак және Африка елдері бар. Жаңа тарифтер 7 тамыздан бастап күшіне енеді.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz