Жасанды интеллект АҚШ-та бір айда 10 мың адамды жұмыссыз қалдырды.
Бұл туралы Challenger, Gray & Christmas консалтингтік компаниясының жаңа есебінде жарияланды. Зерттеуге қарағанда ақылды зердені қолдану салдарынан кейінгі бір айда 10 мың 187 адам қызметінен кеткен. Жалпы жыл басталғалы 806 мың адамды жұмыстан босады. Бұл 2020 жылдан бергі ең жоғары көрсеткіш. Әсіресе, қысқарту технологиялық индустрия саласында көбірек жүрген. Яғни 7 айда 89 мың адам жұмыстан кеткен. Қазір көптеген компанияларда жұмысты адамдардың орнына ақылды машиналарға тапсыруды жөн көреді, - дейді мамандар.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #жасанды интеллект #АҚШPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz