Кейінгі бір тәулікте Газа секторында ашқұрсақ жүрген 6 адам көз жұмды.
Жергілікті денсаулық сақтау министрлігінің мәліметі бойынша, осылайша аштықтан қайтыс болғандар саны 175-ке жетті. Олардың жартысынан көбі - балалар. Өңірде азық-түлік, дәрі-дәрмек, тазалық заттары мен жанар-жағармай қат. Ал, Израильдің шабуылдарынан Газадағы гуманитарлық ахуал күннен күнге ушығып барады. Тойып тамақ ішпейтіндіктен маусымнан бері 11 мыңнан аса бала ауруханаға түскен. Жуырда Еврей армиясы анклавтың бірқатар бөлігінде тактикалық үзіліс енгізді. Алайда бұдан ахуал әзірге түзелмей тұр.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #Газа секторы #ашаршылықPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz