Тайваньда нөсер жауын мен су тасқыны салдарынан 4 адам опат болды.
Елдің оңтүстігінде жеті күн бойы толассыз жауған жауын-шашын мөлшері таулы өңірлерде қалыпты нормадан асып кеткен. Синоптиктер мұны кейінгі 10 жылдағы ең ірі табиғи апаттардың бірі деп бағалап отыр. Апат аймағынан алты мыңға жуық адам эвакуацияланды. Қазір су шайып кеткен жолдар қалпына келтірілуде. Сондай-ақ зардап шеккен тұрғындарға азық-түлік пен алғашқы қажеттіліктер жеткізіліп жатыр. Тайвань билігінің мәліметінше, тағы үш адам із-түссіз жоғалған. Жарақат алғандар саны – 77. Премьер-министр халықты сақ болуға шақырып, таулы өңірлерге бармауға кеңес берді. Ал синоптиктер таяу күндері ауа райы тұрақталады деп болжайды.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #тасқын #жауын #ТайваньPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz