RU
Толық нұсқаға өту

Қытайда дауылды ескерту жарияланды

05.08.2025, 07:39 421

Бейжіңде жауын-шашын мен дауылға байланысты 76 мыңнан астам тұрғын қауіпсіз жерге көшірілді.

Бір ғана көп қабатты үйден 89 адам эвакуацияланды. Олардың көбі мектеп ғимараттарына және арнайы уақытша баспаналарға орналасты. Қалада дауыл қаупіне байланысты қызыл деңгейдегі ескерту жарияланды. Синоптиктердің болжауынша, алты сағат ішінде жауын-шашын көлемі 200 миллиметрге дейін жетуі мүмкін. Бұған дейін табиғаттың осы бір әлегінен 44 адам опат болып, 300 мыңнан астамы зардап шекті. 24 мыңға жуық үй қираған.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz