Әлемде кофе өндіруден жетекші елдің бірі Бразилия АҚШ-қа кофе жөнелтуді тоқтатады.
Өйткені Трамптың Бразилия тауарларына 50 пайыздық баж салығы ертеңнен бастап күшіне енеді. Енді кофе өндіруші компаниялар Орта Азия елдері мен Қытай нарығына шығуды көздеп отыр. Кофе америкалықтардың сүйікті сусыны. Әсіресе арабика сұранысқа ие. Ал әлемдік арабика өндірісінің 44 пайызы Бразилияның үлесіне тиесілі. Биыл бірінші жартыжылдық ішінде АҚШ Бразилиядан 3,3 миллион қап кофе импорттаған. Бұл өндіруші елдегі жалпы кофе экспортының 23 пайызы. Ал Қытайға жарты жылда небәрі 530 000 қап жөнелтілген еді. Сарапшылар енді көрсеткіш өзгереді дейді. Өйткені Қытай өткен айдың соңында-ақ Бразилиямен серіктестікті ұлғайтып, жүздеген компанияға есігін айқара ашты.
Тегтер #Бразилия #АҚШ #кофе #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz