Канадада орман өрті өршіп тұр. Жүздеген өрт ошағы тіркеліп, 400 мың гектар алқап жанып кеткен.
Әсіресе елдің орталық бөлігінде жағдай аса күрделі. Онда төтенше жағдай режимі енгізілген. Қызыл жалынмен жүздеген маман мен авиация күресіп жатыр. Өрт салдарынан ауаға тараған улы түтін АҚШ аумағына дейін жеткен. Елдің жеті штатында ауа сапасының нашарлауына байланысты ескерту жарияланды. Еске сала кетейік, Канадада орман өрттері жыл басынан бері 6,5 млн гектар аумақты шарпыған. Қазіргі уақытта билік тұрғындарға мейлінше үйден шықпауға кеңес берді.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #Канада #орман өртіPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz