АҚШ Үндістанға қарсы 25%-дық кедендік баж салығын енгізуі мүмкін.
Дональд Трамптың айтуынша, Вашингтон мен Нью-Дели әлі күнге дейін келісімге келе алмаған. АҚШ үнді нарығына толық қолжетімді болуды талап етсе, Үндістан өз тауарларына салынатын баж салығының 15%-дан аспауын қалайды. Ақ үйдің дерегі бойынша былтыр АҚШ Үндістаннан 87 млрд доллардың тауарын сатып алған. Ал Нью-Дели Америкадан 42 млрд-тың өнімін импорттады.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #АҚШ #Үндістан #салықPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz