RU
Толық нұсқаға өту

Трамп әкімшілігі NASA-ның екі жобасын жабады

07.08.2025, 22:50 418

Трамп әкімшілігі NASA-ның екі ғарыштық жобасын тоқтатады, деп хабарлайды 24kz.

Олар Жердегі жылыжай газдары мен егіс алқаптарының жағдайын ғарыштан бақылайтын құрылғылар. Келесі жылы аталған жобаларға қаржы бөлінбейді. АҚШ үкіметі бұл шешімді бюджетті тиімді пайдалану қажеттілігімен түсіндіреді. Оған қоса, келер жылы NASA-ның ғылыми-зерттеу бағдарламалары бюджетінің төрттен бірі қысқарады. Ал төрт мыңға жуық маман жұмыстан босатылуы мүмкін. Шешімге қарсы шыққан қызметкерлер ел билігін ғылым саласына кедергі келтіріп отыр деп айыптауда.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz