RU
Толық нұсқаға өту

Велошабандоз АҚШ-та Абай идеясын насихаттап жүр  

08.08.2025, 08:12 475

Велошабандоз, әріптесіміз Ернат Рахметолла АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында жүр.

Ол ұшақтан түсе сала қос дөңгелекті көлігін тізгіндеп, Абай шеруін бастады. Бір апта көлемінде 300 шақырымды жүріп өткен. Көліктің түр-түрі қатынайтын алып Нью-Йоркті велосипедпен аралап жүрген қазақ жігітіне жергілікті жұрттың құрметі ерек. Көбі тоқтап, сөйлесуге тырысады. Араларында Қазақстанды Димаш арқылы таныған жанкүйерлер бар. Олар барша қазақ еліне сәлемін жолдап жатыр. 

Ернаттың мұхит асуындағы басты мақсаты - Абай идеясын насихаттау. Бастаманы Қазақстанның АҚШ-тағы бас консулы да қолдады. Ернат Рахметтола 4 ғасырлық тарихы бар Нью-Йорктің қоғамдық кітапханасына да барды. Мұнда Абай өлеңдерінің аудармалары, тың еңбектер бар. Қазір жерлесіміз Американың айтулы орындарын аралап жүр. БҰҰ-ның бас ғимаратында да болды. 

Ернат Рахметолла, велошабандоз:

- Мынау тұрған біздің көк туымыз. Қазақтың көк туы. Сіздерге сәлем жолдаймын. Хакім Абайдың "Адамзаттың бәрін сүй, бауырым" деген сөзі осы БҰҰ бас штабының ғимаратында жазылып тұру керек деп есептеймін.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz