RU
Толық нұсқаға өту

Израиль үкіметі Газаны басып алуға келісім берді

08.08.2025, 11:00 421

Израиль үкіметі премьер-министр Биньямин Нетаньяхудың Газа секторын толық басып алу жоспарын мақұлдады.

Қазір еврей әскері анклавтың 75 пайызын уысында ұстап отыр. Министрлер кабинетінің отырысына дейін Fox News телеарнасына сұхбат берген Израиль үкімет басшысы: "Газа секторын ХАМАС-тан азат еткен соң анклавты араб елдерінің басқаруына береміз", деп мәлімдеді. Айта кетейік, 22 ай бұрын басталған қарулы қақтығысты тоқтату туралы келіссөздер бірнеше рет сәтсіздікке ұшырады. Қазір осының салдарынан палестиналықтар ашаршылықтың зардабын тартып отыр. 

Махмұд әл-Курашли, жергілікті тұрғын:

- Нетаньяху Газаны басып аламын дейді. Бірақ Израиль өңірді жаулап, бақылауына алғалы қашан? Мұнда басып алатын ешқандай жер қалған жоқ қой. Халық өлместің күнін кешіп жатыр. Басқа қырғындарды айтпағанда, күніне 100-150 адам аштықтан көз жұмады. Енді ол Газаны басып ала ма, жоқ па? Қазір адамдарға бәрібір.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz