RU
Толық нұсқаға өту

Мадридте ыстықтан қорғану орындары ашылды

09.08.2025, 08:47 463

Испанияны аптап жайлады. Осыған орай билік Мадридте ыстықтан қорғану орындарын ашты, деп хабарлайды 24kz.

Онда кіру тегін. Ішіне ауа баптағыш қойылған. Салқын сусындар, тіпті балмұздақ бар. Мұндай орындар күн сайын таңғы 11:00-ден кешкі 21.00-ге дейін ашық тұрады. Кез келген тұрғын кіріп, демалып, бой жаза алады. Тіпті шахмат ойнауға да болады. Испанияның бірқатар аймағында сынап бағанасы +42 градустан түспей тұр. Пиреней түбегінде өткен айда қатты ыстықтан мыңдаған адам көз жұмды.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz