Ахуал, әсіресе, Түркияның солтүстік-батысындағы Чанаккале провинциясында ауыр, деп хабарлайды 24kz.
Тілсіз жау елді мекендерге қауіп төндіруде. Ормандағы отты 700 құтқарушы мен ұшақтардың көмегімен сөндіріп жатыр. Ондаған үй мен көліктер жанып кетті. Жүздеген тұрғын эвакуацияланды.
Испанияда да жағдай қиын. Елдің оңтүстігіндегі Тарифа қаласынан 2 мың адам көшірілді. Олардың арасында туристер де бар. Соңғы күндері шаһарда ми қайнатар ыстыққа байланысты қауіптің қызыл деңгейі жарияланған болатын. Қатты жел өртті сөндіруге кедергі келтіріп тұр.
Албанияда да лаулаған жалын шаһар шетіне жетті. Жергілікті билік қатты желден өртті бақылауға алу қиынға соғып тұрғанын айтады. Отты ауыздықтауға ондаған өрт сөндіруші жұмылдырылып, тікұшақтар қолданылып жатыр.
Тегтер #аптап ыстық #орман өрті #құтқарушылар #эвакуацияPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz