RU
Толық нұсқаға өту

АҚШ-Ресей саммиті Аляскадағы әскери базада өтеді

13.08.2025, 09:03 387

15 тамызда Аляскада өтетін АҚШ-Ресей саммиті Элмендорф-Ричардсон деп аталатын әскери базада болады.

Бұл туралы ақпарды Рейтер агенттігі таратты. Ақ үй әкімшілігі Президент Дональд Трамп пен Ресей басшысы Владимир Путиннің кездесуін ұйымдастыруда бірқатар қиындыққа тап болған. Қазір Аляскада туризмнің нағыз қызатын уақыты. Яғни жоғары деңгейдегі басқосуды өткізетін бос орындар қалмаған. Сондықтан Анкоридж қаласындағы әскери базаны таңдаған.  

Кэролайн Левитт, Ақ үйдің баспасөз хатшысы:

- Бұл кездесуді Ресей Президентінің өтініші бойынша ұйымдастырмақпыз. Президент Трамптың арнайы өкілі Стив Уиткофф Мәскеуге барғанда, Кремль басшысы осындай ұсыныс тастады. Президент Трамптың Владимир Путинмен бетпе-бет, бір бөлмеде жүздесуі, телефон арқылы сөйлесуден гөрі,  бұл текетірестің немен аяқталатынын түсінуге көбірек мүмкіндік береді. Сондықтан Ақ үй басшысы алдымен Ресей Президентімен жеке кездеспек. Кейін Украинаның қатысуымен үш жақты басқосу да өтуі мүмкін.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz