RU
Толық нұсқаға өту

Техаста химиялық зат тиеген пойыз апатқа ұшырады

13.08.2025, 13:27 418

АҚШ-тың Техас штатындағы темір жолда ірі апат болды.

Химиялық заттар тиелген жүк пойызы жолда кетіп бара жатып, релсьтен шығып кетті. Оқиға Гордон қалашығына жақын жерде болды. 35 вагон аударылып, бүлінді. Апат болған жерде құрғақ шөп өртенді. Құтқарушылар жалынды дереу сөндіріп үлгерген. Жергіліктің биліктің мәлімдеуінше, апат болған жерде химиялық зат төгіліп, ауаға таралмаған. Құрама Штаттарда теміржол апаты жиі тіркеледі. 2023 жылы Огайода улы газ тиелген пойыз аударылып, аймақтың экологиялық ахуалы нашарлаған болатын. 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz