Ұлыбританияның 5 аймағын қуаңшылық жайлады, деп хабарлайды 24kz.
Елдің басым бөлігінде аптап ыстық тұр. Сынап бағанасы 30 градустан түспей тұр. Нәтижесінде елдің 5 өңірінде су қоры азайды. Аймақтарда соңғы 6 айда жауын-шашын мүлдем түспеген. Салдарынан кейінгі бір аптаның өзінде су қоймаларындағы деңгей 2%-ке төмендеген. Осыған байланысты өңірлерде төтенше жағдай жарияланып, тұрғындарға суды үнемдеуге кеңес берілді.
Тегтер #Ұлыбритания #қуаңшылық #аптап ыстық #су қоры #жауын шашынPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz