Бұл Дүниежүзілік банктің келтірген дерегі.
Мемлекеттік алымның ең көбі - Венесуэлада. Мұнда бизнес өкілдеріне 100-ге жуық салық салынады екен. Сарапшылар салық бұл тек бюджетті толтырудың амалы ғана емес, үкіметтің идеологиялық құралы рөлін де атқарады, дейді. Жалпы төрткүл дүниеде салықтың қандай түрлері бар?
Венгрияда құрамында қанты мен тұзы немесе кофеині көп тағам үшін салық төлейді. Оны "чипс салығы" деп те атайды. Төлемнің бұл түрі 14 жыл бұрын күшіне енді. Нәтижесінде қазір бюджетке жыл сайын 70-75 млн еуро кіріс түседі. Бұл арқылы биліктегілер медициналық қызметкерлердің жалақысын көбейтті. Ал халық тәтті сусындар мен кондитер өнімдерін және тұзды тіске басарларды тұтынуды азайтқан.
Ірі мегаполистерде кептеліс үшін салық төлейді
Әлемдегі ірі мегаполистерде жол кептелісіне қарсы салық жүйесі бар. Оны алғашқылардың бірі болып өткен ғасырдың 70 жылдары Сингапур енгізген. Қазір бұл жүйе толық автоматтандырылған. Жол ақысы уақыт пен кептеліске байланысты өзгереді. Мәселен, таңғы уақытта тариф қымбат. Ал Лондонда дәл осы жүйе 2003 жылы іске қосылды. Жүргізушілер қала орталығына кіргені үшін күніне 15 еуро төлейді. Бұл біздің ақшаға шаққанда шамамен 9 жарым мың теңге. Нәтижесінде сол жылы Тұманды Альбион астанасында көлік саны 30 пайыз азайып, қоғамдық көлікпен қатынайтындар көбейген.
Арканзаста тату мен пирсинг үшін салық салынады
АҚШ-та салық саясаты сұлулық салондарының жұмысына әсер етті. Арканзас штатында денесіне тату салғызып, пирсинг таққаны үшін арнайы төлем белгіленген. Оның мөлшері қызмет құнының 6 пайызына тең. Әр процедура жеке есептеледі. Биліктегілер бұл арқылы астыртын жұмыс істейтін салондардың жұмысын шектейміз деп отыр. Өйткені күмәнді қызмет салдарынан туберкулез, гепатит және өзге инфекциялық аурулар таралуы мүмкін. Сарапшылар: "сырт көзге ақылға қонымсыз көрінуі мүмкін. Бірақ бұл стратегиялық маңызға ие салықтар. Ол қоғамдағы экономикалық және әлеуметтік проблемаларды шешу мақсатында пайда болған, дейді.
Зайнұр Байжігіт
Тегтер #салық #әлемде #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz