Ұлыбритания премьер-министрі Кир Стармер, Украина Президентімен кездесу өткізеді.
БАҚ мәліметінше, жиын Даунинг стриттегі, премьер резиденциясында өтеді. Кездесудің негізгі тақырыбы Аляскада өтетін АҚШ пен Ресей президенттерінің саммиті болады деп хабарланды. Сондай-ақ тараптар Ресей-Украина дағдарысына қатысты мәселелерді талқылайды. Бұған дейін Дональд Трамп, Украина Президенті мен Еуропа елдерінің басшыларымен онлайн форматта кездесу өткізген. Трамптың айтуынша, ол Путинмен алдағы кездесуде атысты тоқтату туралы келісімге қол жеткізуді көздейді. Одан кейін Ресей мен Украина Президенттерінің жеке кездесуін өткізуді жоспарлап отыр.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #Украина #ҰлыбританияPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz