RU
Толық нұсқаға өту

«Томирис» фильмі испан тілінде көрсетілді

14.08.2025, 21:30 451

Испанияда «Қазақфильм» киностудиясының «Томирис» көркем фильмі көрсетіле бастады.

Режиссер Ақан Сатаевтың туындысы бұған дейін әлемнің, оннан астам тіліне аударылған. Кинокартина Қазақстанда алғаш рет экранға 2019 жылдың қыркүйегінде шықты. Ол аты аңызға айналған Томиристің өмірі мен оның парсы патшасы Кирді қалай жеңгені жайлы баяндайды. Ежелгі грек тарихшысы Геро-дот өз жазбаларында Томиристі қайсар, айлалы, батыр әрі билеуші әйел ретінде суреттеген. Еуропа өнерінде Томирис тақырыбы XVII–XVIII ғасырларда кеңінен танылды. Италия, Испания, Франция, Англияда оның бейнесі картиналар мен операларға арқау болды. Фильм қазақ мәдениетін, испан тілді аудиторияға кеңінен танытуға жол ашады.

Мигель Перес, Барселона қаласының тұрғыны:

- Испанияның орталық ұлттық арнасынан көрсетілген «Томирис» туындысы мен үшін тосын сый болды. Көрерменді бірден еліктіріп, баурап әкететен ерекше кино екен. Голивуд фильмдерінен кем емес. Тарихи картина болғандықтан танымдық тұрғыдан көп мәлімет алдым.  

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz