RU
Толық нұсқаға өту

Газада жедел жәрдем бөлімі су астында қалды

15.08.2025, 07:05 326

Газа секторындағы Хан-Юнис қаласында жедел жәрдем бөлімі су астында қалды, деп хабарлайды 24kz.

Кәріз суымен толып кеткен аурухана жұмысын тоқтатуға мәжбүр. Аурухана басшысының айтуынша, ағын судың көзі әскери «қызыл аймақта» орналасқан. Мәселені шешу үшін Израильмен келісім қажет. Мұндай келісімді алу шамамен 72 сағатқа созылады. Сағат сайын ауыр жағдайдағы науқастар келіп түсетін аймақ үшін бұл тым ұзақ. Бұл мәселеге қатысты Израиль тарапы жағдайдан бейхабар екенін айтты. Әуе соққылары мен үздіксіз шабуылдарының салдарынан Газа ауруханаларындағы ахуал күрделі. БҰҰ дерегі бойынша Газа секторындағы 36 аурухананың тек жартысы ғана ішінара жұмыс істеп тұр.

 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz