RU
Толық нұсқаға өту

Индонезияда мектеп асханасынан 360-тан астам бала уланды

15.08.2025, 11:54 310

Индонезияның Сраген қаласында 300-ден аса оқушы астан уланып қалды, деп хабарлайды 24kz.

Ас орталық асханада дайындалып, бірнеше мектепке таратылған. Оқиғадан соң тағам үлгілері бірден зертханаға жіберілді. Ұлттық тамақтану агенттігі мектеп асханаларындағы бақылауды қатаңдатпақ. Қазір елдегі тегін тамақтандыру бағдарламасы 15 миллионнан астам адамды қамтиды. Жыл соңына дейін 83 миллион оқушыны тегін тамақтандыру жоспарланған. Оған үкіметтен 10 млрд доллардан астам қаржы бөлінді. Бұған дейін Батыс Явада 200-ден астам оқушы астан уланып қалған еді. Сол кезде тағам құрамынан Salmonella және E-coli бактериялары табылған.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz