Португалия орман өртін сөндіре алмай әбігерге түсіп жатыр, деп хабарлайды 24kz.
Әсіресе, Арганил қаласында жағдай қиын. Отпен күреске мыңға жуық маман жұмылған. Алайда, қауіп сейілер емес. Табиғат апаты жөніндегі еуропалық жүйе дерегіне сүйенсек, жыл басынан бері 52 мың гектар орман жанып кетті. Бұл – жалпы Португалия жерінің 0,6%-і. Және кейінгі 18 жылда елде мұндай өрт болмаған. 2006-2024 жылдар аралығында 10 мың гектар жер ғана өртенген.
Тегтер #Португалия #орман өрті #табиғат апаты #құтқарушыларPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz