RU
Толық нұсқаға өту

Аляска тұрғындары саммит жөнінде не дейді?

15.08.2025, 15:40 521

Аляска АҚШ пен Ресей үшін маңызды орын саналады, деп хабарлайды 24kz.

Соңғы рет 2021 жылы АҚШ-тың бұрынғы президенті Джо Байден кезінде маңызды дипломатиялық кездесулер өткен болатын. Ең ірі қаласы – Анкориджде 288 мыңдай адам тұрады. Ресей мен АҚШ арасында өтетін саммит туралы жергілікті тұрғындар бұл оқиғаны қала тарихындағы маңызды сәт деп бағалады.

Сюзанна Лафранс, Анкоридж мэрі:

- Көпшілік секілді мен де бұл кездесудің нәтижесі сәтті болатынына, бейбіт келісімдерді жасауға сеп болатынына сенгім келеді.

Жан Поль Бакиран, тұрғын:

- Аляска – Америка Құрама Штаттары үшін маңызды орын. Трамптың бұл жердегі рөлі ерекше, ықпалы зор. Алясканың саммит өткізу орны ретінде таңдалғаны дұрыс шешім деп ойлаймын.

Галина Томиссер, тұрғын:

- Бұл оқиға расымен де тарихи сәт. Тіпті өзім де қобалжып отырмын. Бірақ бұл кездесу өзінің оң нәтижесін береді деп сенемін. Дегенмен, іштей қорқыныш та бар.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz