АҚШ президенті Дональд Трамп Вашингтоннан ((Air Force One)) ЭЙР ФОРС УАН ұшағымен Аляскаға жол тартты.
Президенттер бүгін Астана уақытымен түн жарымда Анкоридждегі әскери базада бас қосады. Алдымен мемлекет басшылары оңаша жүздесіп, басты мәселелерді талқылайды. Артынша екі елдің делегациялары келіссөзге отырады. Кездесу соңында Трамп пен Путин бірлескен баспасөз мәслихатын өткізбек. Сапар алдында Трамптың делегация құрамы белгілі болды. Оған 16 адам енген. Арасында сенатор Марко Рубио, қаржыгерлер Скотт Бессент пен Говард Латник, сондай-ақ Ақ үйдің баспасөз хатшысы Кэролайн Левитт және өзге де лауазым иелері бар.
Тегтер #Трамп #Аляска #АҚШ #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz