Израиль күштерінің әуе шабуылынан Газа секторында кейінгі бір тәулікте 51 адам бақилық болды, деп хабарлайды 24kz.
Тағы 370-ке жуығы жараланды. The Associated Press агенттігінің мәліметі бойынша марқұмдардың 17-сі гуманитарлық көмек тарату орталығының жанында өлім құшты. Еврей билігі болса, азық-түлік алуға келген халыққа оқ атқаны туралы ақпарды жоққа шығарды. «Әскер ХАМАС-тың жоғары лауазымды мүшесін мерт қылды. Сондай-ақ Бейт-Ханун қаласында қозғалыстың жерасты инфрақұрылымдарын бомбалап, қару-жарақ қоймаларын жойды», - дейді.
Тегтер #Газа секторы #Израиль #әуе шабуылы #ХАМАСPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz