RU
Толық нұсқаға өту

Трамп 22 тамызда үш жақты кездесу өткізеді

17.08.2025, 09:41 692

АҚШ президенті Дональд Трамп Ресей және Украина басшыларымен үш жақты кездесу өткізбек.

Саммит күні 22 тамызға белгіленіп отыр. Бұл туралы американдық Эксиос ((Axios)) ақпарат порталы хабарлады. Онда Ақ үй басшысы Владимир Зеленскиймен және еуропалық өкілдермен телефон арқылы сөйлесіп, Аляскада өткен кездесудің нәтижесін талқылады делінген. Алайда Кремль бұл жайында ресми мәлімдеме берген жоқ. Бірер күн бұрын Дональд Трамп пен Владимир Путин Аляскада кездескен болатын. 3 сағатқа созылған әңгіме барысында Украинадағы қақтығысты реттеу мәселесі талқыланды.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz