Вашингтонға Украина президенті Владимир Зеленскиймен бірге Еуропалық Одаққа мүше елдердің басшылары да барады, деп хабарлайды 24kz.
Бұл жолы Трамп пен Зеленский кездеседі. Еуроодақ төрағасы Урсулу Фон дер Ляйен Ақ үйдегі басқосуға Украина президентінің өтініші бойынша қатысатынын мәлімдеді. Онысын X әлеуметтік желісінде жариялады. Бұдан бөлек, АҚШ-қа неміс канцлері Фридрих Мерц, Франция президенті Эмманюэль Макрон, Италия премьер-министрі Джорджа Мелони, Финляндия президенті Александр Стубб және НАТО бас хатшысы Марк Рютте де барады. Тараптар Украинадағы қақтығысты реттеу мәселесін талқылайды.
Тегтер #Еуроодақ #АҚШ #Владимир Зеленский #НАТО #Урсула фон дер ЛяйенPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz