Вашингтонда Еуроодақ көшбасшылары негізгі келіссөздерге дейін Зеленскиймен дайындық кездесуін өткізеді.
Бұл туралы Еурокомиссияның баспасөз қызметі хабарлады. Ал Ақ үй өз кезегінде, әуелі Дональд Трамп Зеленскиймен бір сағат бойы келіссөз жүргізетінін мәлімдеді. Одан кейін ғана Еуроодақ басшыларымен жүздеседі. Делегация құрамында Еурокомиссия төрағасы Урсула фон дер Ляйен, неміс канцлері Фридрих Мерц, Франция президенті Эмманюэль Макрон, Италия премьер-министрі Джорджа Мелони, Финляндия президенті Александр Стубб және НАТО бас хатшысы Марк Рютте бар. Айта кетсек, Трамп пен Зеленский арасындағы келіссөз биыл екінші рет өтпек. Бұған дейін Украина басшысы Ақ үйге ақпан айының соңында барған.
Тегтер #Владимир Зеленский #Еуроодақ #24KZ #Украинадағы қақтығысPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz