RU
Толық нұсқаға өту

Газа халқы оңтүстікке көшуге мәжбүр

19.08.2025, 11:08 486

ЦАХАЛ әскері Газа тұрғындарын күштеп көшіруді бастады.

Мыңдаған адам солтүстіутен батыс пен оңтүстік аймақтарға қарай кетуге мәжбүр. Жаппай көші-қонға халық наразы. БҰҰ ұйымдары күштеп көшіру гуманитарлық дағдарысты күшейтіп, денсаулық сақтау жүйесінің толық күйреуіне әкелуі мүмкін екенін ескертеді. Ресми мәлімет бойынша, қазір екі миллионнан астам палестиндік газа секторы аумағының 10%-ына да жетпейтін жерде тығыз қоныстанған.

Марван Шаббад, Газа тұрғыны:

- Қазіргі жағдайда көшу - оңай шаруа емес. Қаржылай мүмкіндігіміз жоқ. Көлік табу да қиын. Қоныс аудару үшін кем дегенде үш мың шекель керек, қолымызда ондай қаражат жоқ. Тығырыққа тірелдік. Басқа амалымыз қалмаған сияқты.

Нермин Аль-Сайед, Газа тұрғыны:

- Менің көшуге мүмкіндігім жоқ. Қатерлі ісікке шалдыққан, әрі мүгедек қызымды алып жүру қиын. Жалпы отбасымда жеті адам бар. Көшуге қаржымыз да, шыдамымыз да жетпейді. Баратын қауіпсіз жер де қалмады. Өлім ол жақта да, бұл жақта да бар. Көшудің еш қажеттілігі жоқ. Мен бұған дайын емеспін.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz