АҚШ-тың Солтүстік Каролина штатында дүлей дауыл ойран салып, 2 мыңнан астам тұрғын қауіпсіз жерге көшірілді.
Елдің, шығыс жағалауында қауіптің ең жоғары деңгейі жарияланды. Өйткені, теңіздегі су көтеріліп, арты тасқынға ұласу қауіп бар. Синоптиктердің болжамына сүйенсек, толқындардың биіктігі 6 метрге дейн жетуі мүмкін. Ал желдің жылдамдығы сағатына 193 шақырымға жетеді. Бұл "Эрин" дауылының әсері. Қуаттылығы жағынан "Сафир-Симпсон" шкаласы бойынша үшінші санатқа дейін күшейген. Бұл жергілікті тұрғындар үшін өте қауіпті. Табиғи апат салдарынан ғимараттар қирап, электр желілері үзілуі мүмкін.
Тегтер #солтүстік #АҚШ #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz