RU
Толық нұсқаға өту

Ақ үй TikTok-та ресми парақшасын ашты

20.08.2025, 13:10 450

АҚШ саясаты туралы жаңалықты енді Ақ Үйдің TikTok-тағы парақшасынан білуге болады.

Трамп әкімшілігі танымал әлеуметтік желіде ресми парақшасын ашты. Бас бетінде "Американың алтын дәуіріне қош келдіңіз!" деп жазылған. Әзірге жазылушылар саны Мың 800-дей. Ақ үй баспасөз хатшысының айтуына қарағанда, сайлау кезінде Трамптың жеңіске жетуіне, осы әлеуметтік желіде тараған түрлі бейнетаспалар сеп болған. Осылайша Ақ үй президент Дональд Трамптың ел басқару ісінде атқарып жатқан шараларын ТикТок арқылы көпшілікке жария етіп, оқырман санын көбейтуді көздеп отыр. Былтыр, АҚШ Конгресі аталған желіні ұлттық қауіпсіздікке нұқсан келтіреді деп, қолдануға заң жүзінде тыйым салған еді. Ал Трамп платформаның өз жұмысын жалғастыруына рұқсатын берді.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz