RU
Толық нұсқаға өту

Израиль кешен құрылысының жоспарын бекітті

22.08.2025, 07:27 381

Израиль Иордан өзенінің Батыс жағалауында жаңа қала салмақ.

Құрылыс жобасы бойынша жалпы аумағы 12 шаршы шақырым  жерге 3 500 үй тұрғызылады. Сөйтіп онда  еврейлерді жаппай қоныстандыру көзделіп отыр. Израиль Қорғаныс министрі Исраиль Кацтың айтуынша, бастаманың негізгі мақсаты – Израильдің шекарасын нығайтып, Палестина мемлекетінің қалыптасуына жол бермеу. Әйтсе де бұл шешімді Біріккен Ұлттар Ұйымы, Германия мен Түркия халықаралық құқықты бұзу деп танып, қатаң айыптады.   

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz