Германиядағы Тесла зауытында өрт шықты.
Бұл туралы жергілікті Handelsblatt газеті жазды. Онда өрттің аккумулятор батареяларын өндіру желісінен басталғаны жазылған. Мамандардың шұғыл әрекет етуінің арқасында өрт 15 минут ішінде сөндірілді. Қазір зауыт жұмысы ішінара тоқтатылды. Қызметкерлер қауіпсіз жерге көшірілді. Зардап шеккендер жоқ. Ал өрттің нақты неден болғаны анықталып жатыр.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #Германия #Тесла
Phone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz