RU
Толық нұсқаға өту

Ресейлік альпинист бір апта бойы шың басында жатыр

22.08.2025, 07:32 788

Ресейлік альпинист Наталья Наговицына бір апта бойы тауда жалғыз жатыр. Аяғын сындырып алған.

Натальяның шыңға шығам деп кетіп, оралмағаны жайлы сіңілісі Юлия Лыкова дабыл қаққан. Артынша Қырғызстан Қорғаныс министрлігі дрон арқылы оның 7200 метр биікке тіккен шатыр ішінде тірі жатқанын анықтады. Алайда қолайсыз күн райына байланысты бір аптадан бері тікұшақтың көтерілуіне мүмкіндік жоқ. Бұған дейін Натальяны құтқармақ болған италиялық туристің де опат болғаны белігілі болды. «Победа» шыңы Қырғызстан мен Қытай шекарасындағы Какшаал-Тоо жотасында орналасқан. Биіктігі – 7439 метр. Оған жеткенше шамамен 6 күн қажет. Статистикаға сүйенсек, шыңға көтерілген әрбір альпинистің үшіншісі қайтып оралмайды. Осыған дейін жүздеген адам ұшты-күйлі жоғалып кеткен.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz