RU
Толық нұсқаға өту

АҚШ пен Еуропалық одақ сауда келісімін бекітті

22.08.2025, 15:15 330

АҚШ пен Еуропалық Одақ шілде айының соңында жасасқан сауда келісімін ресми түрде бекітті.

Бірлескен мәлімдеме Ақ үй сайтында жарияланды. Сонымен құжатқа сәйкес, ЕуроОдақ АҚШ-тың барлық өнеркәсіптік тауарларына баж салығын алып тастайды. Сөйтіп америкалық ауылшаруашылық тауарлары мен теңіз өнеркәсібі еуропалық нарыққа шыға алады. Келісім шеңберінде ЕуроОдақ Вашингтоннан 750 млрд долларлық энергия тасымалдаушылар мен құны 40 млрд болатын чип сатып алуға тиісті. Ал Еуропа елдерінен Вашингтонға экспортқа 15% баж салынады. Бұл автомобиль, дәрі-дәрмек, және ағаш тасымалына қатысты.

 

 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz