Дональд Трамп әкімшілігі АҚШ визасын иеленген барлық шетелдіктерге қатысты қатаң тексеріс жүргізуді бастады, деп хабарлайды 24kz.
Мемлекеттік департаменттің мәліметінше, бүгінде америкалық визасы бар 55 миллионнан астам адам үздіксіз бақылауға алынған. Егер виза иелері елде болу мерзімін асырып жіберсе немесе қылмыстық әрекеттерге барса, қоғамдық тәртіпке қауіп төндірсе, терроризмге қатысы бары анықталса, олардың визасы бірден жойылады. Ал егер осындай айыппен АҚШ аумағында жүрсе, бірден елден депортациялануы мүмкін. Әкімшілік, әсіресе, студенттік және қонақ визаларына ерекше назар аударып отыр. Соңғы айларда мыңдаған шетелдік студенттің визасы түрлі заңбұзушылықтар үшін кері қайтарылған еді. Олардың арасында жол-көлік ережесін бұзу, ішімдік не есірткі пайдалану, тіпті терроризмді қолдау әрекеттері тіркелген. Жаңа ережелерге сәйкес, виза иелері мен өтініш берушілердің әлеуметтік желідегі жазбалары да мұқият сарапталады. Аталған қадам елдегі көші-қон саясатын күшейту мен ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған.
Тегтер #АҚШ #виза #шетелдіктер #бақылау #Трамп әкімшілігі #депортацияPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz