Нигериялық мамандар ми импульстері арқылы қозғалатын протез жасап шығарды, деп хабарлайды 24kz.
Ubokobong деп аталатын құрылғы затты ұстап, саусақтарды қозғалтуға мүмкіндік береді. Протезді ағайынды Джон мен Убокобонг Аманам ойлап тапқан. 2019 жылы Убокобонг жарылыс салдарынан саусақтарынан айырылып, ағасы оған терісіне сәйкес силикон қолғап жасап берген екен. Кейін олар бұл тәжірибені жетілдіріп, ми импульстерімен жұмыс істейтін бионикалық қол жасап шығарады. Компания оны халыққа қолжетімді ету үшін мемлекет пен ұйымдардың қолдауын күтуде. Қазірдің өзінде АҚШ, Ұлыбритания, Австралия және Ганадан тапсырыстар түскен.
Тегтер #НигерияPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz