Заңның күшейіп, жаппай депортацияның қолға алынуынан АҚШ-тағы иммигранттар азайды, деп хабарлайды 24kz.
Қазір өз еркімен отандарына қайтып жатқандар көп. Егер биылғы қаңтарда елде тұрып жатқан 53 миллионнан астам шетелдік тіркелсе, маусымға қарай олардың саны 51 миллионға түсті. Салдарынан түрлі салаларда маман тапшылығы орын алып отыр. Әсіресе, шаруа қожалықтары мен зауыттарда мәселе өткір тұр. Сарапшылар келешекте қарттарға күтім жасайтын адамдар да табылмауы мүмкін деп ескертеді. Ал Ақ үй болса: «Біз берілген уәдені орындап жатырмыз», - деп мәлімдеді.
Тегтер #АҚШ #иммигранттар #депортация #шетелдіктер #еңбек мигранттарыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz