Украина президенті Владимир Зеленский АҚШ-тан ай сайын 1 млрд долларға қару сатып алуға ниетті, деп хабарлайды 24kz.
Бұл үшін қомақты қаржыны жақтастарынан алу көзделіп отыр. Бастамаға Норвегия қосылды. Бүгін осы елдің премьер-министрі Йонас Гар Стёре Киевке барып, Украинаға қолдауын жалғастыратынын жеткізді. Бұдан бөлек, президент Зеленский АҚШ-тың арнайы өкілі Кит Келлогпен кездеседі. Басқосуда алдағы уақытқа жоспарланған Ресей президенті Владимир Путинмен кездесуге дайындық пысықталмақ. Ал апта соңында Украинаға Құрама Штаттардың вице-президенті Джей Ди Вэнс бастаған делегация ат басын бұрғалы отыр. Алайда Кремль басшысы Украина президентімен кездесуге ниетті екенін әлі растаған жоқ.
Тегтер #Зеленский #Украина #қару жарақ #АҚШ #Трамп #Путин
Phone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz