Пәкістанның солтүстік-батысында содырлар қауіпсіздік күштерінің лагеріне шабуыл жасап, 3 әскери қаза тапты.
Тағы 17 адам жараланды. Қауіпсіздік күштері лаңкестердің ізіне түсіп, атыс кезінде бір содырдың көзін жойған. Қалғаны тауға қашып кетті. Қазір лаңкестерді іздеу операциясы жалғасып жатыр. Шабуылды ешқандай ұйым өз мойнына алған жоқ. Бірақ оны жергілікті тәліптер ұйымының мүшелері жасады деген күдік бар. Өйткені бірнеше апта бұрын елдің солтүстік-батысында осы қарулы топқа қарсы арнайы операция жүргізілген.
Тегтер #Таңдаулы #Пәкістан #лаңкестік #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz